Accessibility links

Қазақстан Ауғанстанда болған соғыста хабарсыз кеткендерді іздестірмек


Қазақстан кейбір ТМД елдерімен бірлесіп, 1979 -1989 жылдар аралығында Ауғанстанда болған соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен әскери тұтқындарды іздестіру жұмыстарын қаржыландыру мақсатындағы келісімге қол қойды.

Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының кеңсесінде Достастық елдері интернационалист-жауынгерлерінің істері комитеті үйлестіру кеңесінің төрағасы Руслан Аушев хабарлады.

«Бұрын бұл жұмыс Ауғанда әскерде болып келген кәсіпкер жігіттердің ақшасына жасалған еді, қазір бұл бағдарлама мемлекеттік дәрежеде қаржыландырылады. Ең басты донор — Ресей, екінші орында — Қазақстан мен Беларуссия. Өзбекстан мен Тәжікстаннан басқа мемлекеттер бұл туралы келісімге қол қойды. Ауғанстандағы іздестіру шаралары әлі жүргізілуде, қазір біздің хабарсыз кеткен 270 жауынгеріміздің тізімі бар. Жылына екі рет сапар жасап, оларды анықтауды мақсат тұтып отырмыз. Осы кезге дейін әкелінген 12 шейіттің мүрдесіне тексеру жасау жұмыстары басталды, сол бойынша олардың ДНК-ларын анықтап, туған жерлеріне жерлемекпіз», — деді үйлестіру кеңесінің төрағасы.
XS
SM
MD
LG