Accessibility links

Пәкістанда зымыран шабуылынан 12 кісі қаза болды


Бүгін АҚШ-тың пилотсыз ұшағымен болды деп деп күдіктелген зымыран шабуылы Пәкістанның талибан жетекшісі Байтулла Мехсудтың жаттығу лагеріне соққы берді. Барлау агенттігінің хабарлауынша, бұл шабуылдан кемінде 12 жауынгер қаза тапты.
Пәкістан ресмилері талибандар жетекшісі Мехсуд қаза тапқандарың ішінде жоқ екенін айтады.

Құрама Штаттар өткен жылдан бері Ауғанстанмен шекаралас аймақтағы талибан күштеріне қарсы 40-тан аса зымыран ұшырған.
Ресми Исламабад бұл елдің егемендігін бұзу деп, ол соққыларға қарсылық білдіріп келеді.
XS
SM
MD
LG