Accessibility links

БҰҰ Қытайды қақтығысты тоқтатуға шақырды


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі ресмилері Қытайдың Шыңжаң аймағындағы толқуларда адам шығыны көп болғанына байланысты дабыл қағып отыр.

Сондай-ақ БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссарының өкілі Руперт Колвил Қытай билігін ұстамды болуға шақырды. Және жексенбі күнгі 156 адам қаза тауып, 800-ден аса кісі жараланған көтеріліске тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақырды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қақтығысқа қатысты 1,400 адам қамауға алынды.

Үрімшідегі қауіпсіздік шаралары күшейтілгеніне қарамастан, бүгін ұйғыр әйелдері көшеге шығып, қамауға алынған ерлерін босатуды сұрады. Ал қытайлықтар қолдарына сойыл мен тастар алып қаладағы ұйғырлардың дүкендерін талқандады.
XS
SM
MD
LG