Accessibility links

АҚШ: Ресейдің ДСҰ-на кіру ұсынысы іске аса алмайды


Бүгін Құрама Штаттардың сауда министрі Гэри Лок Ресейдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына Қазақстан және Беларуспен кедендік одақ ретінде бірігіп кіру ұсынысы жүзеге аса алмайды деп айтты.

Өткен айда Ресей премьер-министрі Владимир Путин ресми Мәскеу ДСҰ-на мүшелікке Астана және Минскімен бірлесіп одақ ретінде енуді көздейді деп мәлімдеген болатын.

Ал АҚШ-тың сауда хатшысы болса, бұл ұсыныс тек мәселені кейінге тартуы мүмкін деп, Құрама Штаттар Путиннің айқынырақ түсінік бергенін қалайды деді.

Оның айтуынша, бұл мәлімдемеден бұрын Ресей мен АҚШ ДСҰ-на Ресейдің мүше болу келіссөздеріне қол жеткізуге жақын қалған.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG