Accessibility links

Қытай президенті “Үлкен-8” жиынына қатыспайды


Қытай президенті Ху Дзиньтао Шыңжаң провинциясындағы адам шығынына әкелген қақтығысқа байланысты Италиядағы Үлкен сегіздік саммитіне қатыспай, Бейжіңге қайтып ұшады.

Үрімшідегі қытайлықтар мен ұйғырлар арасындағы қақтығыстан кемінде 156 адам қаза тауып, 800-ден аса кісі жараланды. Жергілікті қытай билігі бұл аймаққа коменданттық сағат енгізді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тараптарды ұстамды болуға шақырды.

Бұл арада Ресей сыртқы істер министрлігі Қытайдың Шыңжаң аймағындағы толқулар Қытайдың өз ішкі мәселесі деген мәлімдеме таратты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG