Accessibility links

Индонезия президенті сайлауда алда келеді


Индонезиядағы бүгінгі президенттік сайлауда алда келе жатқан қазіргі президент Сусило Бамбанг Юдхойоно келесі бес жыл мерзімге сайлануы мүмкін.

Үш бірдей әлеуметтік зерттеу орындары жүргізген сауалнамалар Юдхойоно 50 пайыздан артық дауыс жинау мүмкіндігін көрсетіп отыр.
Оның басты бәсекелестері бұрынғы президент Мегавати Сукарнопутри мен вице-президент Юсуф Калла бар жоғы 26 және 16 процент дауыспен артта қалып келеді.

Юдхойоно үкіметі Индонезияға бейбіт өмір мен тұрақтылық орнатып, экономикасын жоғары деңгейге көтерді.
Бұл тікелей дауыс берулер Сухарто билігі құлағаннан бергі екінші президенттік сайлау болып отыр.
XS
SM
MD
LG