Accessibility links

Қазақстан инфрақұрылымдық инвестициялар қорын құруға қатысады


Ресей, Қазақстан және Macquarie Group халықаралық инвест тобы инфрақұрылымдық инвестициялар қорын құрмақ. Бұл туралы хабарлаған Внешэкономбанк басшысы Владимир Дмитриевтің мәліметінше, бұл қордың құрамына Внешэкономбанк, «Ренессанс Капитал» тобы, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорация кіреді.

«Бұл туралы келісімге таяуда қол қойылмақ. Внешэкономбанк қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беретін кәсіпорындармен белсенді түрде жұмыс істеуде. Сондай-ақ американдық әріптестермен тығыз ынтымақтастыққа үміт артып отырмыз», — деді Дмитриев.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG