Accessibility links

Ақтау теңіз айлағында заңсыз мұнай тасымалдаушылар қолға түсті


Қазақстандық кеден саласының қызметкерлері Ақтау теңіз айлағынан құны 63 миллион 589 мың 355 теңге болатын контрабандалық тауарды ұстады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мейірхан Мейірманқұлов мәліметінше, 5-8 маусым аралығында «Нұртау КЗ» ЖШС Ресей Федерациясынан Қазақстанға шикі мұнай алып келген, бұл мұнай өңделіп, Иран мемлекетіне жөнелтілуге тиіс болған.

Бірақ «Нұртау КЗ» ЖШС-нің өкілдері шикі мұнай құйылған теміржол цистерналарының пломбыларын ауыстырып, оны шикі мұнайды өңдеу барысында пайда болатын және құны әлдеқайда арзан жеңіл мазут пен ойлбленд отынын алып бара жатырмыз деген желеумен кеденнен алып өтпек болған, яғни шикі мұнай Қазақстан аймағында өңделмеген.

«Кедендік рәсімдеу ережесіне сәйкес, 20 цистерна шикі мұнайды алып өту үшін 14 миллион теңгеден астам салық төленуі тиіс. Ал осынша көлемдегі жеңіл мазут пен ойлбленд отынына салынатын салық әлдеқайда аз. Осыған байланысты Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері аталған оқиға бойынша экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір мәселенің мән-жайы анықталуда», — деді басқарма бастығының орынбасары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG