Accessibility links

«Үлкен сегіздік» кедей мемлекеттерге 13 миллиард доллар қаржы бөлді


«Үлкен сегіздік» елдері кедей мемлекеттерге азық-түлік көмегін көрсету мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға 13 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлді, — деп хабарлайды РБК РБК агенттігі.

Италияда өткен G8 мемлекет басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылған мәлімдемеде осындай мәлімет келтірілген. Бұл құжатта ғаламдық дағдарыс жағдайында азық-түлік пен шикізат бағасының едәуір төмендеуіне қарамастан, әлемнің көп аймақтарында бағаның тарихи көрсеткіштермен салыстырғанда әлі де жоғары екені айтылған.

Осы кезең аралығында азық-түлік бағасының күрт өсуінен аш адамдардың саны 100 млн-ға көбейіп, 1 млрд-қа жеткен. Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін сегіздік басшылары азық-түлік өндірудің өсімін инвестицияны арттыру жолымен ынталандыруға міндеттеме алды.
XS
SM
MD
LG