Accessibility links

Террорлық ұйымдармен байланысы бар делінген Қазақстан азаматы қолға түсті


Қырғызстанның арнаулы қызмет өкілдері Бішкекте халықаралық террорлық ұйымдармен байланысы бар деп күдікті саналған Қазақстан азаматын қолға түсірген.

Бұл туралы хабарлаған Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, ұсталған азамат 2008 жылы шетелдік террорлық лагерлерде дайындықтан өткен.

Тергеу ақпаратына сәйкес, отты қару-жарақпен қаруланған ол Қырғызстанға «халықаралық террорлық ұйым басшыларының жеке тапсырмасын орындауға» келген.

Бұл дерек бойынша Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу органдары қылмыстық іс қозғады, ұсталған күдікті тергеу изоляторына қамалған.
XS
SM
MD
LG