Accessibility links

Теһран ешқандай қоғамдық жиынға жол бермейді


Бүгін Теһран басшысы Мортеза Тамоддон қауіпсіздік күштері қандайда бір наразылық шараларын басып тастайды деп ескертті.
Оның айтуынша, шерулер немесе жиын өткізуге ешқандай рұхсат берілмеді.

Бүгін оппозициялық кандидат Мир Хоссейн Мусави Теһран мен басқа да қалалардағы қолдаушыларын жаңа шерулер өткізуге шақырған.
Мусави маусымның 12-де өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткенін айтса, сайлаудың ресми қортындысы қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңіске жеткенін көрсетіп отыр.

Бүгінгі наразылық шараларын өткізу 1999 жылы Басидж күштері Теһран университетінің жатақханасындағы жастарға шабуылдап, адам шығыны болған оқиғаны еске алу күніне байланысты болмақшы еді.
XS
SM
MD
LG