Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 25 адам қаза тапты


Ауған ресмилерінің хабарлауынша, бүгін елдің орталығында болған жарылыстан 25 адам қаза тапты. Оның 21-і бейбіт тұрғындар болса, төртеуі полиция қызметкері.

Жарылыс Кабулдың солтүстігі мен Логар провинциясын байланыстыратын жолда орын алды. Жарылғыш зат көлікке қойылып, жолдың ортасында келіп әдейі аударылған. Құрбан болғандардың көбісі мектепке бара жатқан балалар болып отыр.

Бұл арада НАТО күштері Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойында жарылыс болып, екі әскері мерт болғанын айтты. Шабуыл сәрсенбі күні орын алған, бірақ қаза тапқан әскерлердің қай елден екені айтылмады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG