Accessibility links

Қытай қақтығысқа жауаптыларды жазалайтынын айтуда


Қытай президенті Ху Дзиньтао мен басқа да қытайлық жетекшілер Шыңжаң ауданындағы көтеріліске қатысы бар адамдарды қатал жазалайтынын ескертуде.

Бұл жайында бүгін Қытайдың жетекші коммунистік партиясының жетекшілері төтенше жиын өткізген соң айтылды.

Билік этникалық қақтығыс орын алған Шыңжаң астанасы Үрімшіге мыңдаған әскер кіргізіп, көшелерді бақылауда ұстап отыр.

Өткен жексенбіде жергілікті қытайлықтар мен ұйғырлар арасында болған төбелестен 156 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG