Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскерилері 5 ирандықты босатты


Бүгін Бағдадтағы Иран елшілігі хабарлағандай, Құрама Штаттар әскерилері 2007 жылы Ирақта қамауға алынған 5 ирандықты босатып отыр. Иран елшісі Хассан Хаземидің айтуынша, ол ирандықтар Ирақ билігіне берілді, енді көп ұзамай Иран елшілігіне тапсырылады.

АҚШ күштері Арбил қаласында ол ирандықтарды шиит жауынгерлерін қаржыландырып отыр деген айыппен қамауға алған.
Иран ондай айыптауларды жоққа шығарып, олар дипломат болған деді. Және бұл тұрғыда АҚШ-ты халықаралық заңды бұзып отыр деп айыптаған.

Бірақ Құрама Штаттар бес ирандықтың Ирақта тұрақсыздық тудыру үшін жұмыс істеген шетелдік барлау қызметінің агенттері болғанын, дипломат мәртебесі болмағанын айтты.
XS
SM
MD
LG