Accessibility links

Иран адам құқын қорғаушы белгілі заңгерді қамады


Иран билігі Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Ширин Ебадимен бірге жұмыс істейтін құқық қорғаушы заңгерді қамауға алды.
Ебадидің құқық қорғаушы орталығының мүшесі Мохаммад Али Дадхаһ сәрсенбі күні ұсталған.

Құқық қорғаушы белсенділердің айтуынша, маусымның 12-дегі президенттік сайлаудан бері 2 мыңдай адам қамауға алынған. Олардың ішінде реформашылдар, ғалымдар, журналистер мен студенттер де бар.

Қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадтың сайлауда жеңіске жетуі елде жаппай шерулерге әкелген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG