Accessibility links

Түркия: Этникалық ұйғырларды тазалау тоқтауы керек


Түркияның сыртқы істер министрлігі Қытайды Шыңжаңдағы қақтығысты тезірек тергеп, тәртіпсіздік жасағандарды жауапқа тартуға шақырды.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Шыңжаң Ұйғыр автономиясындағы қытайлықтар мен ұйғырлар арасындағы қақтығысқа тоқтала келе, этникалық ұйғырларды тазалау операциясы тоқтауы керек деген.

Оның айтуынша, Қытай мен Түркия арасында ұйғырлар көпір ретінде рөл атқарып келеді. Бұл туралы Түркиялық CNN телеарнасы хабарлады.
XS
SM
MD
LG