Accessibility links

«Үлкен сегіздік» пен дамушы елдер ауа райының жылынуы бойынша ортақ тіл іздеуде


Аквиладағы саммит кезінде "үлкен сегіздік" пен дамушы 5 елдің лидерлері суретке түсу үшін АҚШ президенті Барак Обаманы тосып тұр. 9 шілде, 2009 жыл.

Аквиладағы саммит кезінде "үлкен сегіздік" пен дамушы 5 елдің лидерлері суретке түсу үшін АҚШ президенті Барак Обаманы тосып тұр. 9 шілде, 2009 жыл.

Италияның Аквила қаласында басталған «үлкен сегіздік» немесе ең дамыған елдердің кезекті саммитінде бейсенбі күні осы 8 елдің жетекшілері дамушы 5 елдің лидерлерімен ғаламдық ауа райының жылынуы проблемасы мен халықаралық сауда мәселесін талқылады. Жиынға АҚШ президенті Барак Обама төрағалық етті.

Ғаламдық ауа райының құбылуына қатысты «үлкен сегіздік» клубына кіретін елдер саммитінің алғашқы, яғни 8 шілде күні, олардың басшылары мақұлдаған мақсаттарды енді дамушы елдердің жетекшілері саралауға тиіс. Оның алдында Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың күрт құлдыраудан, баяу болса да, тұрақтана бастағанын мәлімдеді.

Ағылшын премьер-министрі Гордон Браун ауа райының құбылуы туралы келісімді «тарихи» келісім деп атады. Аквила (L'Aquila) қаласына жиналған «үлкен сегіздік» лидерлері үстіміздегі ғасырдың ортасына қарай ауаны ластайтын улы газдардың жайылуын 80 пайызға дейін қысқартуға уәделесті.

Татарстан астанасындағы зауыттың сыртқы көрінісі. Қазан қаласы, қаңтар, 2009 ж.
Дамыған елдер ғаламдық ауа райы 2 градустан артық жылымауға тиіс деген ортақ тұжырымға келді. Бірақ келісімді «үлкен сегіздік» клубына жататын АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония және Ресей ғана мақұлдады. Ал ендігі жерде, «Аквила саммитінің» бейсенбі күнгі жалғасы алдында Гордон Браун атап көрсеткендей, дамушы ірі елдерді де осы келісімге қол қоюға көндіру міндеті тұр.

«Өнеркәсібі дамыған елдердің форумы» деп аталған «Аквила саммитіне» АҚШ президенті Барак Обама төрағалық етті. Ғаламдық атмосфераны ластайтын улы газдардың 80 пайызы осы форумға қатысатын 17 ірі мемлекеттің үлесіне тиеді, оның ішінде дамыған 8 елмен қатар, Қытай, Бразилия, Үндістан сынды дамушы алып елдер бар.

Бірақ олар әзірше ғаламдық ауа райының құбылуына қатысты осы келісімге қол қоюға онша құлықты емес сияқты.

Ғаламдық ауа райының құбылуы тақырыбынан басқа «Аквила саммитінің» күн тәртібінде дүниежүзілік экономиканың ахуалы мен халықаралық сауда мәселесі тұрды. «Үлкен сегіздік» тобының басшылары Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Африка және Мысыр сынды 5 елдің үкімет басыларымен кездесті. Олар ұлттық валюталарын құлдыратудан немесе девальвациялаудан бас тартуға және халықаралық қаржы жүйесінің тұрақтануына ықпал етуге келісті.

Оған қоса «үлкен сегіздік» пен дамушы 5 ірі елдің тобы халықаралық сауданы жеңілдету мақсатындағы келіссөзді аяқтауға уәделесті. Келіссөздің келесі сатысы 2010 жылы Қатар елінде өтуге тиіс.

13 елдің басшылары (8+5), сонымен қатар, қыркүйек айында АҚШ-тың Питтсбург қаласында ашылатын ірі 20 ел басшыларының саммиті қарсаңында өздерінің сауда министрлерінің кездесуін өткізу туралы шешім қабылдады.

Өткен сәрсенбі күні Халықаралық валюта қоры алдыңғы айларға қарағанда, әлдеқайда жақсы жорамалын жариялады. Аталған қаржы институты мәлімдегендей, әлем экономикасының баяу да болса дағдарыстан шыға бастаған нышаны байқалады. Бірақ ғалымдақ
Ғалымдақ экономиканың қалпына келуі өте баяу болады – биылғы 1,4 пайыз құлдыраудан келесі жылы – 2,5 пайызға дейін өседі.
экономиканың қалпына келуі өте баяу болады – биылғы 1,4 пайыз құлдыраудан келесі жылы – 2,5 пайызға дейін өседі.

«Аквила саммитінің» бірінші күні талқыланған ең басты мәселе бүкіл әлемдегі экономикалық дағдарыс тақырыбы болды. Форумға қатысушылар қаржылық тұрақтылыққа төнген қатердің әлі сақталғанын мойындады.

«Үлкен сегіздіктің» лидерлері, сонымен қатар, ядролық қару жасауға қажетті шикізатты өндіруге тыйым салатын келісімге келу қажеттігін мойындады.
XS
SM
MD
LG