Accessibility links

Жалақыларын ала алмай жұрген жұмысшылар жол құрылысын тоқтатты


Алматыдағы Саин мен Төле би көшелерінің қиылысындағы мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан жол өткелінің құрылысшылары Жұмағали Саин атындағы көшені бөгеп тастады. Олар жарты жылдан бері қолдарына тимеген жалақыларын талап етіп, ақша берілмейінше жұмыстарын жалғастырмайтынын айтуда.

Наразылық шарасына шыққан 200-ге жуық жұмысшының кейбірі өткен жылдың желтоқсан айынан, енді бірі сәуір айынан бері жалақыларын алмапты. Үшінші рет наразылық шарасын өткізген жұмысшылар өздеріне жұмыс берушілер зейнетақы жарнасын аудармай отырғандығын және еңбек келісім-шартын қолдарына ұстатпағандығын айтты.

Бұл жол өткелі бір айдан кейін пайдалануға берілуі керек. Жалақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар әзірге құрылысты тоқтатты, мәселе одан кейін де шешілмесе аштық жариялаймыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG