Accessibility links

АҚШ әскері шығарылғаннан бері Ирақтағы қақтығыста 50 адам қаза тапты


Ирақта соңғы күндері 50 адамның өліміне әкелген қақтығыстар болып, бұл елден өткен аптада АҚШ күштері шығарыла бастағаннан бері шабуылдар көбейіп кетті.

Бейсенбі күні Ирақтың Таль-Афар қаласында бірінен соң бірі орын алған жанкештілік шабуылдан 35 адам қаза тапты.

Сондай-ақ бейсенбі күні Бағдадтың орталығында адам шығыны болған бомба жарылысы болды.

АҚШ күштері маусымның 30-нан бастап, қауіпсіздік пактісі келісімі бойынша Ирақтың қалаларынан шығарыла бастаған.
Десе де әлі 130 мың американдық күштер бұл елде қалып отыр.
XS
SM
MD
LG