Accessibility links

“Үлкен-8” саммитінің соңғы күні азық-түлік қауіпсіздігіне арналды


Жұма күні әлемдегі өнеркәсібі дамыған елдердің Италиядағы саммиті кедей адамдарға азық-түлік көмегін беру бастамасын қарайды.

Үлкен сегіздік елдерінің жетекшілері алдағы үш жылда кедей елдердің ауылшарушалығын дамытуға 15 млд доллар құяды деп күтіліп отыр.

Л'Аквила қаласындағы саммиттің ақырғы үшінші күні сегіздік мүшелері африкан елдерінің жетекшілермен кездесті.

Алдыңғы екі күнде саммитке қатысушылар экономикалық дағдарыс, ғаламдық жылыну мәселелерін талқылады.

Үлкен сегіздікке Британия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ресей және Құрама Штаттар мүше болып табылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG