Accessibility links

Мьянмада Су Чжидің соты жалғасты


Бүгін Мьянмада демократияшыл партияның жетекші Аун Сан Су Чжидің соты қайта жалғасын тапты.

Янгондағы Су Чжидің үйіне шақырылмаған американдық қонақтың келуінен кейін ол үйқамақ тәртібін бұзды деген айыппен қамауға алынған.

Хабарларға қарағанда, жұма күнгі сотта оның қорғаушы куәлер сөз алған.

Бақылаушылар Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, 64 жасар Су Чжидің сотының жабық есік жағдайында өтуін сынап келеді.

Бір апта бұрын Мьянманың әскери билігі Янгонға барған БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның Су Чжимен кездесуіне рұхсат бермей қойды.
XS
SM
MD
LG