Accessibility links

"Үлкен-8" азық-түлікпен қамтамасыз етуге 20 млд доллар беруге келісті


Италиядағы Үлкен сегіздік саммиті кедей елдерге азық-түлік көмегін беру бастамасын қарай келе, алдағы үш жылда кедей елдердің ауылшаруашылығын дамытуға 20 млд доллар бөлуге сөз берді. Бұл туралы саммиттің соңында Британия премьер-министрі Гордон Браун мәлімдеді.

Үлкен сегіздік елдерінің жетекшілері сондай-ақ кедей елдерге қажетті төтенше көмек көрсетуге уәде берді. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, бүгінде қарны тойып тамақ ішпейтіндер саны 1 млд 2 млн-ға жеткен.

Л'Аквила қаласындағы саммиттің ақырғы үшінші күні сегіздік мүшелері африкан елдерінің жетекшілермен кездесті. Алдыңғы екі күнде саммитке қатысушылар экономикалық дағдарыс, ғаламдық жылыну мәселелерін талқылады.

Үлкен сегіздікке Британия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ресей және Құрама Штаттар мүше болып табылады.
XS
SM
MD
LG