Accessibility links

Ресей Қырғызстанда әскери база салу жоспарын нақтыламай отыр


Ресей президенті Дмитрий Медведев Қырғызстанда жаңа әскери база салу жоспарын растамады және жоққа да шығармады.

Бірақ ол Мәскеу стратегиялық әріптес ретінде Бішкекке қызығушылық танытады дегенді қайталады.

Медведев интерфакс агенттігіне айтқанында, “кейбір келісімге сәйкес біз ол туралы алдын-ала хабарлай алмайтынымызды сіз түсінуіңіз керек деген. Біз оны мұнда растай да теріске де шығара алмаймыз. Біз Қырғызстанмен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік байланыс болғанына мүдделіміз. Бұл нақты шындық” деген Ресей президенті жұма күні Л'Аквиладағы баспасөз мәслихатында.

Медведев “біз Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының мүшесіміз” дей келе, “біз бір-бірімізге жауапкершілік аламыз” деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG