Accessibility links

Медведев: АҚШ-тың қорғаныс жүйесі екі жақты ядролық келісімді бұзуы мүмкін


Ресей президенті Дмитрий Медведев Құрама Штаттардың Орталық Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары талқыланып жатқан екі жақтың ядролық келісіміне кедергісін келтіруі мүмкін деді.

Италиядағы үлкен сегіздік тобының саммитінен кейін баспасөз мәслихатын берген Медведев егер Вашингтон қорғаныс жоспарын іске асырса, өз елінің Калининградта зымыран орналастыру қаупін тағы айтты.

Оның бұл мәлімдемелері Пентагонның зымыран қорғанысы агенттігі Құрама Штаттар мен Ресей АҚШ-тың зымыран қорғанысы жоспары бойынша толық әріптестік құруды қарастырып отыр деген соң айтылды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG