Accessibility links

Ауғанстанда 184 ағылшын жауынгері қаза тауып үлгерді


Өткен тәуліктің ішінде Ауғанстанда 8 ағылшын жауынгері қаза тапты. Хабарға сәйкес, ағылшын жауынгерлері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысына қарасты Сангин қаласының төңірегінде болған 2 қастандық жарылыстың құрбаны болды.
2001 жылдан бері Ауғанстанда Англияның қарулы күштері бас-аяғы 184 өкілінен айрылды. Бұл 6 жыл ішінде Ирақта қаза болған ағылшын жауынгерлерінің санынан артық.
Ағылшын премьер-министрі Гордон Браун адам шығына қарамастан, ағылшын күштері Ауғанстан үкіметінің «Талибан» қозғалысына қарсы күресіне көмектесе береді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG