Accessibility links

АҚШ президенті Батыс Африка елдерінде сапарда жүр


АҚШ президенті Барак Обама Африка құрлығының батысында орналасқан Гана еліне келіп жетті. Оны президент Джон Атта-Миттлз қарсы алды.
Сенбі күні Обама Гананың астанасы Аккра қаласында ұлттық парламентте сөз сөйлейді. Сапар бағдарламасына сәйкес, АҚШ президенті теңіз жағалауындағы фортты аралайды. Өткен дәуірде бұл фортта Африкадағы ең ірі құл сатқан базарлардың бірі болған көрінеді.
Гана – Обаманың Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан елдерге баратын сапарының алғашқы аялдамасы. Гана – демократиялық тәртіп орнаған және айтарлықтай гүлденген Африкадағы санаулы елдің бірі болып табылады.
Аккраға АҚШ президенті «үлкен сегіздіктің» кезекті саммиті аяқталған Италиядан ұшып жетті.
XS
SM
MD
LG