Accessibility links

Иран Батыс елдері үшін жаңа ұсыныстарын әзірлеуде


Таяу уақытта Иран әлемнің жетекші елдеріне маңызды деген ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудің жолдары туралы өзінің ұсыныстарын бермекші.
Сенбі күні Теһрандағы баспасөз-маслихатында Иранның сыртқы істер министрі Манучеһр Моттақи мәлімдегендей, бұл «ұсыныстар Батыспен арадағы келіссөзге, оның ішінде Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі бойынша келіссөзге жақсы негіз бола алады».
Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама ядролық бағдарлама бойынша келіссөзге отыруға келісу үшін Иранның қыркүйек айына дейін уақыты бар деп мәлімдеді.
«Үлкен сегіздік» елдерінің Италияның Аквил қаласында аяқталған саммитінде қабылданған мәлімдемесінде Иранның ядролық ізденістерін жалғастыруына және оппозицияның таяудағы наразылығын Иран билігінің басып-жаншуына алаңдаушылық білдірілді. Моттақи бұл құжатта «жаңа ештеңе» айтылған жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG