Accessibility links

Ресейде тағы бір жауынгер қаруымен қашып жүр


Ресейдің Ленинград облысында ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскердің қару ұстаған жауынгерін іздестіру басталды. Ол жұма күні Ленинград облысының Ломоносов ауданындағы әскери бөлімнен өз бетінше қашып кеткен.
Құқық сақшыларының хабарлауынша, қатардағы жауынгер өзімен 60 оғы бар тезатар – автомат мылтығын алып кеткен көрінеді. «Әскери борышынан жалтарды» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG