Accessibility links

Назарбаев Интернетке бақылау орнату туралы заңға қол қойды


Сенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «ақпараттық-коммуникациялық желілер туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға» немесе Интернетке бақылау орнату туралы заңға қол қойды. Ол туралы Қазақстан президентінің баспасөз-қызметіне хабарлады.
Саяси оппозиция, адамның құқын қорғайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдар мен беделді халықаралық құрылымдар, оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық туралы ұйым талай рет президент Нұрсұлтан Назарбаевты аталған заңға қол қоймауға кейін қайтаруға шақырған болатын.
Дегенмен де бүкіл қазақ қоғамы мен халықаралық ұйымдардың қарсы болуына қарамастан, президент Назарбаев аталған заңға қол қойып бекітті. Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG