Accessibility links

Б.Обама: Африка бүкіл әлемнен оқшау қалмайды


Ресми сапармен Ганада жүрген АҚШ президенті Барак Обама сенбі күні мәлімдегендей, «үлкен сегіздік» елдерінің саммиті аяқталысымен оның Африкаға келуінің мақсаты – «Африканың бүкіл әлемдегі оқиғалардан оқшау қалмағанын көрсету».
Обаманың сөзіне қарағанда, Гана – Африканың өзге елдері үшін демократия мен бірқалыпты экономикалық дамудың үлгісі бола алады.
Сенбі күні Обама Гана астанасы - Аккра қаласында ұлттық парламентте сөз сөйлейді.
АҚШ президенті теңіз жағалауындағы фортты аралайды. Өткен дәуірде бұл фортта Африкадағы ең ірі құл сатқан базарлардың бірі болған көрінеді.
Обаманың өзі – кезінде АҚШ-қа қоныс аударған Кения азаматының ұлы болса, зайыбы Мишель – кезінде Америкаға құлдыққа сатылған африкалықт ардың ұрпағы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG