Accessibility links

Б.Обама: Ауғанстанда коалиция тәліптерді едәуір ығыстырды


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанның Гильменд облысындағы Америка мен ағылшын әскерлерінің шабуыл операциясының нәтижесінде, халықаралық күштер тәліптерді едәуір ығыстырды деп мәлімдеді.
Ганада сапарда жүрген Обама ағылшындарың Sky News телекоманиясына берген сұхбатында атап көрсеткендей, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін осы елдегі АҚШ әскеріне «әлі көп іс атқару міндеті тұр». Президент Ауғанстандағы 20 тамызға белгіленген президент сайлауының дер кезінде өтуге тиіс екенін шегелеп айтты.
Обаманың сөзіне қарағанда, келешекте қауіпсіздіктің ауғандықтардың өздері қорғай алуына мүмкіндік беру үшін халықаралық қауымдастық қарулы күштердің іс-қимылы мен дипломатиялық іс-әрекетті қисынды үйлестіретін стратегиясын әзірлеуге тиіс.
XS
SM
MD
LG