Accessibility links

NASA: «Индевор» кемесі ғарышқа жексенбі күні ұшады


Американың NASA ғарыш агенттігі ұшыру алаңының төңірегінде найзағайдың 11 рет атқанын тіркеген соң, көп мәрте пайдалануға болатын «Индевор» ғарыш кемесін ұшыруды кейінге ысырды. Кемені ұшыру сенбінің кешінен жергілікті уақыт бойынша жексенбінің кешіне қалдырылды.
Қосымша техникалық тексеру жүргізіледі.
«Индевор» халықаралық ғарыш бекетіне 7 ғарышкерді жеткізуге тиіс. Олар Жапонияның ғылыми модулін құрастыруды аяқтайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG