Accessibility links

Қытай: 3 кенші құтқарылып, тағы 12-сі шахтада қалды


Қытайда 24 тәулік бойы жер астында - көмір шахтасында қамалып отырған 3 кенші құтқарылды.
Қытай баспасөзі хабарлағандай, тағы 12 кенші әлі жер астында қамалып отыр. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гйучжоу өлкесіндегі көмір кенішін 17 маусым күні сау басып, сол кезде 1 кенші мерт болды.
Хабарға қарағанда, құтқарылған 3 кеншінің денсаулықтары жаман емес.
Қытай баспасөзінің хабарлауынша, осы шахтада қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылып келген. Жалпы Қытайдың тау-кен өнеркәсібі бүкіл әлемдегі ең қатерлісі саналады: тек өткен 2008 жылы ғана Қытайдың осы өнеркәсібісі саласында 3 мыңдай адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG