Accessibility links

Даля Грибаускайте – Литваның жаңа президенті


Литваның жаңа президенті Даля Грибаускайте жексенбі күні Литва парламентінде ресми түрде ант беріп, мемлекет басшысының құзырына ие болды. Ол президент тағында 82 жастағы Валдас Адамкустың орнына сайланды.
Еуропа Комиссиясының бюджет және қаржылық жоспарлау бойынша төрағасы болып келген Даля Грибаускайте 17 мамырда болып өткен сайлауда тәуелсіз Литваның барлық президент сайлауы тарихындағы ең көп дауыс алды.
XS
SM
MD
LG