Accessibility links

«Набукко» жобасы транзиттік келісімге қол қойылады


Түркияның энергетика министрі хабарлағандай, Анкара Каспий аумағынан Еуропаға қарай тартылуы жоспарланған «Набукко» газ құбырымен келетін газдың 15 пайызын сатып алмақ ойынан бас тартады. Осыған дейін «Набукко» жобасының келешегі бойынша көпжақты келісімге қол қоюға Түркияның дәл осы жоспары бөгет болып келген болатын.
Алайда Түркия министрі Танер Йилдыз Reuters агенттігіне берген сұхбатында құбырмен келетін газдың қанша пайызын алғысы келетін айтпады.
«Набукко» жобасы шеңберіндегі транзиттік келісімге дүйсенбі күні Түркия, Болгария, Мажарстан, Румыния және Аустрия қол қоюға тиіс. Жобаның мүшесі болып табылатын Германияның транзитке қатысы жоқ.
Түрік министрінің айтуынша, егер қаласа Ресей де «жобаға қатыса алады».
«Набукко» газ құбыры – Еуропаға Ресейден тыс газ тасымалдаудың балама жобасының бірі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG