Accessibility links

Бейжіңнің ұйғырларға қатысты саясатына қарсы түріктер шеруге шықты


Ресми Бейжіңнің ұйғырларға қатысты саясатына қарсы наразылық білдірген мыңдаған түрік Стамбул көшелеріне шеруге шықты, — деп хабарлайды Associated Press.

Агенттіктің мәліметінше, наразылық акциясына қатысқан 5 мыңға жуық адам Түркия билігін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұлтаралық қақтығыстарға араласуға шақырды.

Бұдан бұрын 10-шілде күні Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Шыңжаң Ұйғыр автономиясындағы қытайлықтар мен ұйғырлар арасындағы қақтығысқа тоқтала келе мұны геноцидке теңеп, Қытай үкіметін үнсіз қалмауға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG