Accessibility links

Ақмолада 26 Қытай азаматы ұсталды


Ақмола облысындағы «Мигрант» операциясы барысында Қазақстанда болу заңын бұзған 26 Қытай азаматы ұсталды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қытай азаматтарының ішіндегі 10 адамның тіпті жеке бастарын куәландыратын құжаттары да жоқ. Жалпы осы операция аясында 737 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулысымен 52 адам елден шығарылып тасталынды. Сондай-ақ Қазақстанның15 азаматы шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ұсталғандардың барлығына қатысты тиісті шаралар қолданылады», — деді облыстық ІІД миграциялық полиция басқармасының бастығы Виктор Ермаков.

Ұсталғандар Алматыға іскерлік визасымен келгендерін айтады, ал Ақмола облысына қалай келгендері туралы түсінік берілмеді. 10 азамат қамауға алынды, қалғандары жауапкершілікке тартылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG