Accessibility links

Б.Обама: 2001 жылы тұтқын-тәліптердің қырылуы тергеледі


АҚШ президенті Барак Обама 2001 жылдың соңында Ауғанстанның одақтасы АҚШ-тың тұтқынға түскен 2 мың тәліпті қырып жойды деген хабарды тергеуге нұсқау берді.
CNN телеарнасына берген сұхбатында Обаманың өзі хабарлағандай, ол өзінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшілерінің тобына осындай хабарға қатысты барлық белгілі фактыны тергеуді мұқият тапсырды. Президент өзінің кеңесшілері жасаған қорытындыға сәйкес шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
2001 жылдың соңында соғыс тұтқындарының жаппай қырылғанын таяуда ғана The New York Times газеті жазды. Басылым АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы мен Пентагоннның Ауғанстандағы өзбек генералы Әбдурашид Достыммен байланысы барлығын еске салды.
Адамның құқын қорғаушылар 2001 жылдың соңында Солтүстік альянстың күштеріне қолбасшысы болған дәл осы Достымды тұтқындарды азапта ұстады деп айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG