Accessibility links

Оппозицияны қудалаған Әзірбайдан лидері Лондонда жүр


Бүгін Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев Ұлыбританияға ресми сапарын бастап, ағылшын премьер-министрі Гордон Браунмен келіссөз жүргізеді.
Бұл сапар Әзірбайжанның ең ірі инвесторларының бірі санатындағы British Petroleum мұнай концері өзінің қызметкері әрі белгілі блоггер Аднан Хаджизаденің тұтқындалуына алаңдайтынын мәлімдеген кезде өтіп жатыр.
Өткен сенбі күні «Шекараны білмейтін репортерлер» ұйымы хабарлағандай, 8 шілде күні Бакуде Хаджизадемен бірге оппозициялық «01» қозғалысының белсендісі әрі тағы бір блоггер Эвин Милли соққыға жығылып, ұсталды. Билік оларды «бұзықтық істеді» деп айыптайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG