Accessibility links

Түркия мен ЕО «Набукко» туралы келісімге келді


Дүйсенбі күні Анкарада Еуропа Одағына мүше елдер мен Түркия «Набукко» газ құбырының жобасы бойынша көпжақты келісімге қол қойды.
Осы жобаны 7 жыл бойы Түркия, Румыния, Болгария, Мажарстан және Аустрия әзірлеп келді. Еуропаға газ беруші елдер ретінде Иран, Ирақ, Қазақстан, Түркіменстан және Мысыр қарастырылып отыр.
Алайда, Би-Би-Си корпорациясының хабарлауынша, дәл қазір жалғыз Әзірбайжан ғана «Набукконың» жұмыс істеуіне ғана жететін газды экспорттауға келіскен көрінеді. Өткен аптаның соңында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов түркімен елі «Набукко» жобасына қатысуға әзір деп мәлімдеген болатын.
Жобаны 2014 жылға қарай іске қосу жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG