Accessibility links

Иран: Сайлауда жеңілген үміткер елді бірлікке шақырды


Иранда президент сайлауына түскен үміткерлердің бірі егер ел сайлаудың ізінше шыққан ішкі қайшылықты шеше алмаса, «республиканың құрдымға кетуі мүмкін» деп мәлімдеді. Қазіргі Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад жеңіске жеткен таяудағы президент сайлауында үшінші көп дауыс алған консервативтік саясаткер Мохсен Резаи осы үндеуін өзінің веб-сайтында жариялап, елін бірлікке шақырды.
Ирандағы президент сайлауының ресми нәтижесі оппозицияның үміткері Мирхоссейн Мусавидің жақтастарының жаппай наразылын көтерді. Мусави мәлімдегендей, сайлаудың нәтижесі бұрмаланды.
XS
SM
MD
LG