Accessibility links

Гаага: Либерияның экс-президенті сотталуда


Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тейлордың Гаагадағы халықаралық трибуналда қаралып жатқан ісінде «сотталушының кінәсіне дәлелдер жеткіліксіз». Экс-президенттің қорғаушылары осылай деп мәлімдеді.
Гаага трибуналының Сьерра-Леонеге қатысты Тейлорға таққан айыптары 11 бөлімнен тұрады, оның ішінде кісі өлтіру, әйелді зорлау, балалар мен жеткіншектерді әскери қызметке алу қылмыстары бар. Бұл қылмыстар 1991-2001 жылдары Сьерра-Леонеде болған азамат соғысымен тығыз байланысты.
61 жастағы Тейлордың ісі трибуналда 2008 жылдың қаңтарынан бері қаралуда.
XS
SM
MD
LG