Accessibility links

Қырғызстанда Бәкиевтің тұсында сөз бостандығы нашарлады


Қырғызстанның оңтүстігінде соққыдан алған жарақаттарынан тәуелсіз журналист Алмаз Тәшиев көз жұмды. 33 жастағы журналист оппозициялық басылымдарға қызмет істеп келген.
Тәшиев – 10 шілде күні басына жасалған күрделі операциядан кейін Ош облыстық ауруханасында есіне келмей қайтыс болды.
Марқұм журналистің өзі операцияның алдында 4 шілде күні Ноқат ауданының Жаңа-Базар ауылында өзін 8 милиция қызметкерінің жабылып соққанын хабарлаған.
Қырғызстандағы 23 шілдеге белгіленген президент сайлауының қарсаңында журналистерге қарсы қастандық шабуылдар жиілеп кетті. Адамның құқын қорғаушылар президент Құрманбек Бәкиевтің тұсында сөз бостандығының ахуалы күрт нашарлағанын айтады.
XS
SM
MD
LG