Accessibility links

Ауғанстанда күйікке шалынған қазақстандық кәсіпкердің біреуі қайтыс болды


Ауғанстанда жанармай құйылған машинаның жарылуы салдарынан күйікке шалынған қазақстандық кәсіпкердің біреуі Алматыдағы ауруханада қайтыс болды, — деп хабарлайды Новости-Казахстан.

Бұдан бұрын күйікке шалынған алты қазақстандықтың Ауғанстанда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының азаматтары екенін, олардың Алматыдағы № 4 ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

Қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Владимир Семеновтің айтуынша, тірі қалғандардың үшеуі күйікке шалынғандар бөлімшесінде, екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, барлығының да жағдайлары ауыр.

28 бен 52 жас аралығындағы бұл кәсіпкерлер Ауғанстандағы Хайратон қаласының маңында орналасқан мұнай қоймасы аумағында жарылған көліктердің кесірінен зардап шеккен.
XS
SM
MD
LG