Accessibility links

И. Әлиев: Таулы-Қарабахқа тәуелсіз болу үміті жоқ


Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы-Қарабах аймағына тәуелсіздік беретін мүмкіндік жоқ деді.

Әлиев бұл туралы Лондондағы Чатем үйінде шетелдік саясат бойынша сарапшылардың алдында сөйлеген сөзінде айтты.
Және ол Таулы-Қарабахты тәуелсіз ел ретінде тану күлкілі нәрсе деген.

Армения мен Әзірбайжан президенттері алдағы жұма күні Ресейде кездесіп, 15 жыл бойы келе жатқан қақтығысқа қатысты жаңа келіссөздерін бастамақшы.

Арменияның қолдауындағы этникалық армян жікшілдері 1990 жылдан бері Әзірбайжанның бақылауындағы Таулы-Қарабах аймағы үшін күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG