Accessibility links

Қытайлық зиялылар ұйғыр белсендісін босатуға шақырды


100-ден аса қытайлық жазушылар мен зиялы қауым өкілдері ұйғыр белсендісін босатуға шақырған үндеу жасады.

Хабарларға қарағанда, өткен аптадан бері Ильхам Тохти Бейжіңдегі үйіне оралмаған, қамауға алынған болуы мүмкін делініп отыр.
Экономист, диссидент Тохти Қытай билігінің Шыңжаң аймағындағы саясатын жиі сынап келген.

Осы айдың басында Шыңжаң Ұйғыр автономисында орын алған этникааралық қақтығыстан 184 адам қаза тауып, 1680 кісі жарақат алған.
Қытайлық мәдениет және ғылым қайраткерлері өз хаттарында Тохтидің жағдайы туралы ақпарат беруді талап еткен.
XS
SM
MD
LG