Accessibility links

Хавьер Солана: БҰҰ Палестина мемлекетін мойындауы тиіс


Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана БҰҰ-ның Газадағы Палестина мемлекетін біржақты мойындағанын қалайтынын айтты. Және ол Батыс жағалауды бейбіт палестиналықтарға соққы бере алмайтындай етіп Израилге қысым жасауға шақырды.

Бүгін Брюссельде Солананың өкілі Кристина Галлах оның демалыс күндері Лондонда айтқан сөздері екі тарапты бейбіт келіссөзге қайта шақыратындай халықаралық қысым жасауға бағытталған деді. Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман оның айтқандарын мұра қалдыру әрекеті деп қабылдаудан бас тартты.

Хавьер Солананың осы жылдың соңында Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы қызметі аяқталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG