Accessibility links

Еуропарламент Е. Бузекті президент етіп сайлады


Бүгін Еуропа парламенті бұрынғы коммунисттік елден бірінші рет өзіне президент сайлады. Сайлауға Польшаның бұрынғы консерватив премьер-министрі Ежи Бузек түскен еді.

Оған 736 орындық Еуропарламенттегі 533 орынды иеленген консервативтер, социалистер және либералды блоктар бірігіп қолдау танытты.

69 жасар Бузек Польша үкіметіне 1997-2001 жылдары жетекшілік еткен. Бузек Еуропа парламентін 2011 жылға дейін басқарады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG