Accessibility links

Қырғыз полицейі журналисті өлтіргенін мойындады


Қырғызстанның ішкі істер министрі Молдамұса Қонғантиевтің айтуынша, полиция офицері жергілікті журналисті өлімші етіп ұрғанын мойындап отыр.
Министр Қонғантиев полиция қызметкері мен журналист Алмаз Ташиевтің келіспей қалғанын айтады.

Шілденің 4-де қатты жарақат алған журналист Ташиев есіне келместен жексенбі күні ауруханада көз жұмды.

Осының алдында ішкі істер вице-министрі Сабырбек Құрманалиев полиция офицері төбелес кезінде қызметінде әрі әскери киімінде болмаған деп айтты. Аудандық прокурорлар істі тергеп жатыр.
XS
SM
MD
LG