Accessibility links

Ирандық әнші Құранды сыйламаған деп 5 жылға сотталды


Хабарларға қарағанда, ирандық әнші әрі сазгер Мохсен Намжу сырттай бес жылға сотталды.

Ағылшын тілді Press TV-дің хабарлауынша, Иранның құран мектебі парсының дәстүрлі сазымен қасиетті Құран кітабынан кейбір үзінділерді пайдаланған Мохсен Намжуға қарсы сотқа шағым түсірген.

Ирандық діндар американдық әнші-сазгер Боб Диланмен теңестіріліп жүрген әнші Намжуды музыкалы аспаппен Құранға тіл тигізіп, мазақ етті деп айыптаған.

Намжу Ираннан бірнеше ай бұрын кетіп қалған.
XS
SM
MD
LG